Португалияның Эрисейра қаласында екі турист жағалаудағы 100 метрлік қабырғаның үстінде өздерін фотоға түсіріп жатқан кезде құлап кетіп, қаза тапты. «Рейтердің» хабарлауынша, британдық және австралиялық саяхатшылар селфи жасамақ болып, телефондарын түсіріп алған. Ал, смартфонды көтерерде олар тепе-теңдікті жоғалтып, төмен қарай құлдиласа керек.
40 жастағы ер адам мен 30-дағы әйелдің мәйіттері маусымның 12-де табылды. Оқыс оқиғаны тергеу үшін португалиялықтарға Лондон өз көмегін ұсынып отыр.
Мадина МҰҚАНОВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.