АҚШ-та 2 мыңдай мигрант бала ересектерден ажыратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 2 мыңдай мигрант бала ересектерден ажыратылды

18.06.2018

АҚШ-тың Техас штатының Торнилло қаласында жүздеген адам шеруге шығып, президент Дональд Трамптың иммиграциялық саясатына наразылық білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, үкімет мигранттардың 2 мыңға жуық баласын ата-аналарынан және ересектерден айырған. Бұл оқиға сәуірдің 19-ы мен 31-і аралығында АҚШ-Мексика шекарасында болыпты.

Биыл Трамп полиция мен әділет органдарын иммигранттардың елге заңсыз кіру әрекеттеріне мүлде төзбеуге шақырды. Соған сәйкес, шекараны бұзып өтпек болғандар тұтқындалып, олардың кәмелетке толмаған балалары қамқорлық орталықтарына жіберілген.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу