Ким Чен Ын Бейжіңге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын Бейжіңге барды

19.06.2018

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Бейжіңге барды. Екікүндік сапарда ол Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп, Трамппен өткен ядролық саммиттен кейінгі қадамдары жайында сөйлесуі мүмкін. Ал, «Рейтер» агенттігі Ким кортежінің Бейжіңнің көшесімен кетіп бара жатқан сәті туралы бейнекадрларды жариялады.

Болжамдарға қарағанда, Қытай Корей түбегінде бейбіт келісім жасау процесінен тыс қалғысы келмегендіктен, Кимді Бейжіңге шақырды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу