Индонезияда паром апатынан жоғалғандардың саны 128-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда паром апатынан жоғалғандардың саны 128-ге жетті

19.06.2018

Индонезияда паром апатынан із-түзсіз жоғалғандардың саны 128-ге жетіп отыр. Бұл турасында жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Ізім-ғайым кеткендерге туыстары іздеу салған екен.

Әуелде Тоба көлінде құрдымға кеткен 60 орындық паромға барлығы 80 адам мінді деген ақпар тараған еді. Алайда, кейін жолаушылардың саны 130 болуы мүмкін деп хабарланды. 

Апатқа қатты жел себеп болған. Ауа райының қолайсыздығы қазір де іздеу-құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.

Айта кетсек, Индонезияда Рамазан айы аяқталып, Ораза Байрам мерекесі кезінде саяхатшылардың саны көбейеді. Сөйтіп, жол жүру қауіпсіздігі жиі бұзылады екен.

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу