Оңтүстік Кореяда 31 млн. доллардың виртуалдық валютасы ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда 31 млн. доллардың виртуалдық валютасы ұрланды

20.06.2018

Оқиға елдің ірі «Битум» криптобиржасында болған. Ол қазір жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, биржа жетекшілігі осы ұрлықтан жапа шеккен тұтынушыларына шығынды өтеп бермек.

Бұдан былай қауіпсіздік мақсатында инвесторлардың виртуалдық қаражаты енді ғаламтормен байланысы жоқ арнайы электронды әмиянда сақталады. Яғни, хакерлерден жақсы қорғалатын болады.

Криптовалюталар осымен алғашқы рет ұрланып отырған жоқ. Маусымда Оңтүстік Корея криптобиржаларынан жалпы алғанда 40 млн. доллардың электрондық ақшасы жоғалды. Сарапшылардың пікірінше, сандық валюта нарығының дамуын осы қауіпсіздік мәселесінің шешілмеуі тежеп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу