Ауғанстанда «Талибан» 30 жауынгерді мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда «Талибан» 30 жауынгерді мерт қылды

20.06.2018

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары 30 жауынгерді мерт қылып, әскери базаны басып алды. Оқиға елдің батысындағы Бадғиш провинциясында бүгін болды. Мұны осы аймақтың губернаторы Әбдул Ғафру Маликзай мәлімдеді.

Айта кетсек, Айт мерекесінде тәліптер мен үкімет атысты тоқтату туралы ымыра жариялады. Сол бітімнің мерзімі жексенбі күні аяқталғаннан кейін «Талибан» шабуылдарға қайта кірісті.

Тәліптер 2001 жылдан бері АҚШ бастаған НАТО әскерін елден шығарып, Америкаға арқа сүйеген үкіметті құлатып, мемлекет аумағына шариғат заңдарын енгізу жолында соғыс жүргізіп келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу