Иран президенті халыққа АҚШ-тың санкцияларына үкіметтің қарсы тұра алатынына уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран президенті халыққа АҚШ-тың санкцияларына үкіметтің қарсы тұра алатынына уәде берді

26.06.2018

Өткен тәулікте Иранда саудагерлер ұлттық валютаның құнсыздануына наразылық білдіріп, парламент алдына жиналды. Ал, бүгін президент Хасан Роухани мәлімдеме жасап, АҚШ-тың санкцияларына үкіметтің қарсы тұра алатынына уәде берді.

Ислам Республикасы басшысының сөзінше, Вашингтон Иранға қарсы психологиялық, экономикалық, саяси соғыс жүргізіп жатыр. «Сол әрекеттері үшін Құрама Штаттар көп құн төлейді», - дейді Роухани.

Айта кетсек, биыл мамырда президент Дональд Трамп бұл мемлекетпен жасалған ядролық келісімнен шықты. Соның нәтижесінде Тегеранға қарсы санкциялар қайта жанданып, Иранға мұнай экспортынан түсетін валюта азайып кетейін деп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу