Бразилиялық футбол жанкүйерлері Мәскеу көшелерінде карнавал ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилиялық футбол жанкүйерлері Мәскеу көшелерінде карнавал ұйымдастырды

27.06.2018

Ресей астанасы Мәскеудің орталық алаңында самба кеші өтті. Шағын карнавалды футболдан Әлем Кубогын тамашалауға барған бразилиялық жанкүйерлер ұйымдастырған. Күтпеген жерден «Үлкен театр» ғимараты жанында өткен шара қала тұрғындарын, қонақтарын, тіптен, тәртіп сақшыларын таңқалдырған.

Самба бишілерінің айтуынша, Әлем чемпионаты тек футбол матчтарын өткізуге емес, сонымен бірге, түрлі мәдениеттер ынтымағын нығайтуға жақсы мүмкіндік.  Дегенмен, көп кешікпей көңілді топты полиция таратып жіберді. Ал, карнавалға куә болғандар одан ерекше ұмытылмас көңіл күй  алғандарын айтады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу