Германия үкіметінде дағдарыс күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия үкіметінде дағдарыс күшейіп келеді

03.07.2018

Германияда үкімет ыдырайды деген қауіп күшейіп келеді. Өйткені, бүгін канцлер Ангела Меркель мен оның бавариялық одақтастары миграциялық дауда ортақ мәмілеге келе алмады.

Екі жақ босқындарды қай елде тіркелсе, сол елге қайтарып, Германияға кіргізбеу мәселесіне дауласып келеді. Бұл проблеманы парламент бүгін талқылайды. Оның немен аяқталатыны әзірге белгісіз.

Болжамдарға қарағанда, биліктегі христиан-демократтар мен христан-социалистер миграция проблемасында уағдаласа алмаса, коалициялық үкімет таратылуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу