Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разақ коррупция үшін тұтқындалды. Оған ертең айып тағылады.
Экс-премьер мемлекеттік даму қорынан 700 миллион доллар жымқырды деген күдік бар. Сонымен қатар, оның өзі құрған бұл қордан миллиардтаған доллар жоғалып кеткен.
Разақ мамырда өткен парламенттік сайлауда күтпеген жерден жеңіліске ұшырап, содан бері тергеуден босамай келеді. Ал, өткен айда жүргізілген тінту кезінде оның үйлерінен 273 миллион доллардың бағалы бұйымдары мен қолма-қол ақша тәркіленді. Бұрынғы үкімет басшысы болса, тағылған кінәларды жоққа шығарып, қылмысқа бармағанын мәлімдеп келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.