Ұлыбританияның Эймсбери қаласында екі адам «Новичок» препаратынан уланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның Эймсбери қаласында екі адам «Новичок» препаратынан уланған

05.07.2018

Ұлыбританияның Солсбериіне жақын жердегі Эймсбери қаласында екі адам «Новичок» препаратынан уланған. Қазір британ полициясының контртеррористік бөлімшесі осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетер болсақ, дәл осы жүйкені зақымдаушы «Новичок» затынан Солсбериде наурыздың басында ресейлік тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия уланып, ауруханаға түскен болатын.

Ал, маусымның 30-да осы препараттан зардап шеккен екеу - 45 жастағы Чарли Роули мен 44 жастағы Дон Стерджесс атты британ азаматтары. Бастапқыда дәрігерлер олар есірткі затын қабылдады деп ойлап қалған. Ал, химиялық зертханадағы тексеріс науқастардың «Новичоктан» уланғанын анықтап берді. Қазір олардың екеуінің де халі мүшкіл. Ал, полицияның мәлімдеуінше, екі азаматқа қастандық жасалмаған және олар қауіпті затпен кездейсоқ уланған болуы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу