«Nikkei» индексі 3,5 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nikkei» индексі 3,5 пайызға өсті

04.11.2014
«Nikkei» индексі 3,5 пайызға өсті

Бүгін Токио биржасында  акциялар күрт қымбаттап, «Nikkei», «Topix» индекстері шамамен 3,5 пайызға өсті.

Бұл жерде «Nikkei» 225 жетекші компанияның құнды қағаздарының нарығынан хабар береді.

Болжамдарға қарағанда, акциялардың қымбаттауына Жапония банкінің монетарлық саясатты жұмсартып, айналымдағы  ақша массасын арттыруы түрткі болды.

Демек,  экспорттаушы компаниялардың табысы өсіп, сол кәсіпорындардың акциясын алатын инвесторлар көбейіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу