Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласып, пойыздардың жүрісі жаппай тоқтап жатыр. Сонымен қатар, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тасқынның кесірінен өзендер арнасынан тасып, елді мекендерді топан су жайлаған. Ал, Ганьсу провинциясында бұл апаттан 212 ауылда мыңдаған адам зардап шекті.
Қытай орталық метеорологиялық станциясының мәліметінше, бұл аймақта жаңбыр алдағы бірнеше күнде де толастамайды.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.