Жапонияда ыстықтан 14 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда ыстықтан 14 адам қайтыс болды

17.07.2018

Жапонияда күн шыжып, соңғы үш тәулікте 14 адам қаза тапты. Елдің батысы бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа куә болып отыр. Оның салдарынан бірнеше мың адам медициналық көмекке жүгінген.

Ауа райы мамандарының мәліметінше, Гифу префектурасында сынап бағанасы 39 градусқа дейін көтерілді.

Бұл - елде жыл басынан бері тіркеліп отырған ең жоғары температура. Осыған дейін Жапонияны үздіксіз нөсер жауын салдарынан су басып, 200-ден астам тұрғын қаза тапқан еді. Сонымен қатар, жоғалып кеткен ондаған адам әлі күнге дейін табылмай отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу