Трамп Путинді жақтағаны үшін сынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Путинді жақтағаны үшін сынға ұшырады

17.07.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді жақтағаны үшін өз елінде үлкен сынға ұшырап отыр. Ол Құрама Штаттар барлаушыларының деректерін жоққа шығара отырып, Америкада 2016 жылы өткен президенттік сайлауға араласатындай Мәскеуде ешқандай негіз болған жоқ деп мәлімдеді.

Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен сейсенбі күні Финляндия астанасы Хельсинкиде кездесті.

Ақ үй басшысын Путиннің жағына шыққаны үшін қазір демократтар ғана емес, оның өз партияластары – республикалықтар да сынап жатыр. Ал, Путин Трамптың президент болуына Кремль көмектесті деген болжамдарды жоққа шығарып келеді.

Трамптың ойынша, Мәскеу мен Вашингтон қатынастарының нашарлап кетуіне америкалық саясаткерлердің «топастығы мен ақымақтығы» себепші.

Кейбір республикалықтар мен демократтар болса, Трамптың Путинді қолдауын Ақ үй қожайынын масқаралайтын жағдай деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу