Жапония мен Еуропа одағы еркін сауда келісіміне қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония мен Еуропа одағы еркін сауда келісіміне қол қойды

17.07.2018

Жапония мен Еуропа одағы әлемдегі ең ірі еркін сауда келісіміне қол қойды. Бұл келісім дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігін немесе 600 миллион адамды қамтымақ.  Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкердің мәлімдеуінше, одан екі жақ та ұтады.

Осыдан 18 ай бұрын АҚШ  Жапониямен және Азияның өзге елдерімен кең ауқымды сауда келісімін жасау туралы келіссөздер жүргізді. Алайда, президент Дональд Трамп одан бас тартып, Жапония мен Еуропа одағынан импортталатын болат пен өзге де тауарларға тариф жариялады.

Айта кетсек, Жапония – әлемнің үшінші экономикасы. Бұл мемлекетке Еуропа одағы жыл сайын 100 миллиард доллардың өнімдерін экспорттап келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу