Сирияның солтүстік-батысындағы екі ауылдан 7 мыңдай шиит мұсылман көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның солтүстік-батысындағы екі ауылдан 7 мыңдай шиит мұсылман көшіріліп жатыр

18.07.2018

Оларды эвакуациялауға 88 автобус жіберілген. Айта кетсек, әл-Фоуа және Кефрая деп аталатын бұл елді мекендерді сүннит содырлар бірнеше жылдан бері қоршауда ұстап тұр. Алайда, жақында үкімет сол содырлардың жүздеген жақтасын түрмеден босатуға келісті. Сондықтан, шииттерді көшіруге мүмкіндік туып отыр.

Тағы бір мәліметке қарағанда, бүгін Сирия армиясы стратегиялық маңызы бар Хара деген дөңді көтерілісшілерден қайтарып, оған мемлекет туын тіккен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу