Таиландта үңгірден құтқарылған балалар ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта үңгірден құтқарылған балалар ауруханадан шықты

18.07.2018

Таиландта су басқан үңгірден құтқарылған 12 футболшы бала мен олардың жаттықтырушысы ауруханадан шығарылды. Жасөспірімдер Чианграй қаласындағы госпитальде өткен аптадан бері емделген.

Бүгін олар тікелей эфирден көрсетілген баспасөз мәслихатына қатысып, жұртшылыққа алғаш рет көрінді.

11-16 жас аралығындағы балалар мен олардың 25 жастағы жаттықтырушысы маусымның 23-де үңгір аралауға барған еді. Алайда, күшті нөсер кезінде кері шығатын жолды су басып қалған. Құтқарушылар оларды шілденің 2-де тауып алды. Алайда, бұл команданы су басқан үңгірден шығару операциясы күрделі өтіп, 1 аптадай уақыттан соң ғана олар сүңгуірлердің көмегімен құтқарылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу