Ресей астанасында зейнетке шығу жасын ұзартатын реформаға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей астанасында зейнетке шығу жасын ұзартатын реформаға қарсы шеру өтті

19.07.2018

Ресей астанасында азаматтардың зейнетке шығу жасын ұзартатын реформаға қарсы шеру өтті. Оған саяси белсенділер мен жергілікті тұрғындар қатысқан. Наразылық акциясы қала әкімшілігінің рұқсатымен өтіп, ешкім қамауға алынған жоқ.

Өткен айда Федерация үкіметі ерлер үшін зейнет жасын 60-тан 65-ке, әйелдер үшін 55-тен 63 жасқа өсіру туралы жоспарын жариялаған еді.

Ресей басшылығы мұндай қадамға халықаралық санкциялар салдарынан экономикалық өсімнің баяулауы мен егде жастағы тұрғындар санының артуына байланысты барып отыр.

Кейбір әлеуметтік сауалнамаларға сай, зейнет жасын өсіру жоспарынан кейін президент Владимир Путиннің рейтингі 75 пайыздан 69 пайызға дейін төмендеп кеткен. 

Анна Барынина, Мәскеу тұрғыны:

- Өмірімде алғаш рет шеруге қатысып отырмын. Зейнет жасына қатысты реформаның қабылдануына үзілді-кесілді қарсымын. Интернетте уақыт өткізгенше, митингке қатысып, өз ұстанымымды білдіргім келді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу