Грекия астанасы Афины айналасында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда орман өртінен қаза тапқандар саны 60-қа жетіп, 150-ден аса кісі жараланған. Үкімет өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендердің көбінің халі мүшкіл.
Тілсіз жау бақылаудан шығып, ел астанасына үш тараптан жақындап қалған. Онымен күреске 600-дей маман және 300-ге жуық техника тартылды.
Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп жатыр. Грекия билігі жасыл желектерді жалмап бара жатқан жалынды тоқтату үшін ЕуроОдақтан көмек сұрады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ