Қытайда АҚШ елшілігі жанында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда АҚШ елшілігі жанында жарылыс болды

26.07.2018

Қытай астанасы Бейжіңдегі АҚШ елшілігі жанында жарылыс болды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның мәліметіне сай, оқиға кезінде жарылысты ұйымдастырған 26 жастағы жігіттің өзі ғана жараланып, ауруханаға түскен. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция дипломатиялық миссия жанында отшашу құралы іске қосылды деп мәлімдеп отыр. Әзірге, нақты қандай заттың жарылғаны туралы мәлімет жоқ. Бұған қоса, ұсталған ер адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны жарияланбай отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу