Токио метросына сарин газымен шабуыл жасаған сектаның алты мүшесі дарға асылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио метросына сарин газымен шабуыл жасаған сектаның алты мүшесі дарға асылды

26.07.2018

Жапонияда 1995 жылы Токио метросына сарин газымен шабуыл жасаған сектаның соңғы алты мүшесі дарға асылды. Олардың бәрі – ер адамдар. Мұны бүгін елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

«Аум Сингрико» сектасының басшысы Шоко Асахара мен өзге алты мүшесіне берілген өлім жазасы осы айдың басында орындалды.

Бұл ұйым осыдан 23 жыл бұрын Жапония астанасының метро вагондарына улы газ жіберді. Сол терактіден 13 адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын жараланды. Ал, 1994 жылы «Аум Синриконың» сариндік шабуылынан 8 адам мерт болып, 600-дейі жараланды.

Йоко Камикава, Жапония Әділет министрі:

- Мұндай жиіркенішті қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесуді көпшілік қолдайды. Адам өлтіру мен тонаудың соңы жоқ. Сондықтан, олар үшін ауыр үкімнен бас тарта алмаймыз. Меніңше, өлім жазасына тыйыс салу дұрыс шешім болмас еді.

 

Арыстан РЫСБЕК 

Хабарламаларға жазылу