Венесуэлада экономикалық дағдарыс өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада экономикалық дағдарыс өршіп тұр

27.07.2018

Венесуэлада тұрғындар электр жарығының жиі өшуіне қарсы шерулетті. Наразылық акциясына жиналғандардың айтуынша, билік бұл мәселені шешуге күш салмай отыр. Айта кету керек, электр қуаты тапшылығын венесуэлалықтар 9 жыл бойы сезініп келеді. Шерушілердің сөзінше, бұған осы салаға инвестиция бөлінбей, зауыттардың жаңартылмауы себепші. Қазір Венесуэлада экономикалық дағдарыс өршіп тұр. Болжамдарға қарағанда, бұл мемлекетте инфляция деңгейі жыл соңына дейін миллион пайызға жетеді.

Президент Николас Мадуро елдің ұлттық валютасы боливардан 5 нөлді алып тастап, оны жақында шығарылған Петро атты криптовалютаға тәуелді етпек. Бұл жоспардың қалай жүзеге асатыны белгісіз.

Цезарь Кабриччи, тұрғын:

- Бұл шаралардың бәрі адамдарды шатастыру үшін жасалып отыр. Басында үш нөлді алып тастаймыз деген-ді, енді боливар 5 нөлсіз қалады. Оның орнына шын мәнінде тиімді экономикалық шараларды қолға алып социалистік модельді өзгерту қажет. Ал, қалғаны бос әурешілік. Олар бүгін нан болып көрінгенімен, келесі күні аштық әкелуі мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу