Израиль жауынгерін тепкен қыз түрмеден шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль жауынгерін тепкен қыз түрмеден шықты

30.07.2018

Израиль жауынгерін тепкен 17 жастағы палестиналық қыз түрмеден шықты. Ахед Тамими атты жасөспірім еврейлер оккупациялаған Иордан өзенінің батыс жағалауында израильдік әскериді теуіп, бетінен соққаны үшін 8 ай темір торға қамалған еді. Ахедті ауылдастары ұлт батыры ретінде қарсы алды және де оны түрме алдында жүздеген жақтасы күтіп алған.

Палестиналық бойжеткен Израиль оккупациясы аяқталғанша, қарсыласу жалғаса беретінін мәлімдеді. Ол түрмеге түскенде 16 жаста болатын. Ахедке сол кезде 12 пункт бойынша кінә тағылған. Солардың ішінде физикалық зорлық-зомбылық көрсету, зорлық-зомбылыққа итермелеу, әскерилерге шабуыл жасау тәрізді айыптаулар бар.

Израильде палестиналық қызды осындай әрекеттерге әдейі жалданған актер деп есептейтіндер бар. Алайда, бұған толық дәлел жоқ. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу