Саудияда Канада елшісіне 24 сағаттың ішінде корольдік аумағынан шығып кету жөнінде талап қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саудияда Канада елшісіне 24 сағаттың ішінде корольдік аумағынан шығып кету жөнінде талап қойылды

07.08.2018

Сауд Арабиясы мен Канада арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсті. Канада елшісіне 24 сағаттың ішінде корольдік аумағынан шығып кету жөнінде талап қойылды. Бұған қоса, Саудия осы мемлекеттегі өз елшісін кері шақырып алды. Бұл - Оттаваның Сауд Арабиясында әйел құқығын қорғаушы белсенділердің тұтқындалуын сынап, оларды босатуды талап етуіне қатысты қабылданған шешім. Мұны корольдік билігі елдің ішкі ісіне араласу деп мәлімдеді. Бұған қоса, Канадамен арадағы сауда қатынастарын, студенттердің білім алуына қатысты өзара бағдарламаларын тоқтатпақ. Ал, Сауд Арабиясында оқып жүрген канадалық студенттер АҚШ пен Ұлыбританияға жіберілмек. Канада билігі болса, Сауд Арабиясының сес көрсетуіне қарамастан, адам құқықтарын әрі қарай да қорғай беретінін мәлімдеді. 

Христя Фриланд, Канада Сыртқы істер министрі:

- Демократия белгілерінің бірі - бұл ел ішіндегі сәтсіздіктерді мойындай білу. Саудияның біздің мәлімдемеге наразылық білдіруіне қарамастан, біз дүниежүзіндегі әйелдердің құқығын қорғауды жалғастыра береміз.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу