Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разак 45 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разак 45 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

08.08.2018

Сот экс-премьерге мемлекеттік қаражатты жымқыру және терроризмге қолдау көрсетуге қарсы күрес туралы заңды бұзды деген айып тақты. Бұған қоса, Разак мемлекеттік қордан 10 миллион доллардан астам қаражатты ысырап етті және заңсыз жолмен табыс тапты деп айыпталып отыр. Бұл қаражат экс-премьердің жеке есеп-шотына аударылғаны дәлелденді. Дегенмен, саясаткер өзіне тағылған кінәларды жоққа шығарып отыр. Малайзия үкіметінің бұрынғы басшысы сот алдында осымен екінші мәрте жауап берді. Елдің құқық қорғау органдары оны шілденің басында билікті асыра пайдаланды деген айыппен қамауға алып, кейін ол кепіл ақшаға босатылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу