Кремль АҚШ жариялаған санкцияларды заңсыз деп мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кремль АҚШ жариялаған санкцияларды заңсыз деп мәлімдеді

09.08.2018

Мәскеу АҚШ жариялаған санкциялар халықаралық заңдарға қайшы деп мәлімдеді. Бұған қоса, Кремль шектеулерден Ресейдің қаржы жүйесі тұрақтылығын жоғалтпағанын алға тартты. Естеріңізге сала кетсек, бүгін Вашингтон Мәскеудің Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызын улау ісіне қатысы бар деп және сол үшін санкция жариялайтынын мәлімдеді. Жаңа шектеу шаралары тамыздың 22-де күшіне енбек. Бұл процесс екі кезеңмен жүргізіледі. Алдымен, Ресейге ұлттық қауіпсіздік саласына қажетті электронды құрылғылар мен олардың бөлшектерін экспорттау тоқтатылады. Үш айдан кейін Ресей химиялық қаруды келешекте қолданбайтынына көндіре алмаса, «Аэрофлот»  ұшақ рейстерінің АҚШ-қа қатынауына тыйым салынады. Алайда, Кремль өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Ресейліктер болып жатқан жағдайға алаңдаулы. 

Ноа Йорк, Мәскеу тұрғыны:

- Мұның бәрі не мақсатпен жасалып жатқаны және оның қандай нәтижесі болатыны түсініксіз. Ресей АҚШ-тың әрекетіне қалай жауап береді екен? Санцкиялардың кесірі тиюі әбден мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу