Үндістанның Керала штатында тасқын құрбандарының саны 39-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Керала штатында тасқын құрбандарының саны 39-ға жетті

14.08.2018

Үндістанның Керала штатын жайлаған су тасқыны құрбандарының саны 40-қа жуықтады. 54 мың тұрғын үйлерін тастап кеткен. Табиғи апаттан келген шығын көлемі - 1 млрд. 200 миллион доллар. 44 өзені бар штат жаңбырлы маусым кезінде су тасқынынан орасан зардап шегіп отыр. Көшелерді судан тазарту үшін билік 27 су қоймасының шлюзін ашуға мәжбүр болған. Апатты аудандардағы құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды.

Жалпы, маусымнан бері тасқыннан Үндістанда кемінде 774 адам қаза тапқан. Муссондар уақыты бұл елде қазанға дейін жалғасады. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу