Аргентинаның төл валютасы песо 2,4 пайызға құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинаның төл валютасы песо 2,4 пайызға құлдырады

14.08.2018

Аргентинаның төл валютасы песо долларға қарағанда 2,4 пайызға арзандады. Бұған түрік лирасының құлдырауы және елде тамыздың 1-де көтерілген коррупциялық дау-дамай түрткі болып отыр. Даудың басы - бұрынғы үкімет кезінде жоспарлау министрлігінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген Оскар Сентеноның күнделігі. Ол күн сайын дәптерге түрлі кәсіпкерлер мен шенеуніктерге пара тасығанын жазған және де Оскар Сентено жалпы алғанда  160 млн. доллар көлемінде ақша тасыған екен. Осы жазба жария болғаннан кейін, тергеу басталып, 17 адам тұтқындалды. Ал, күдіктілер арасында елдің экс-президенті Кристина Киршнер де бар. Тергеу әлі жалғасып жатыр.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу