Испанияның жағалау қызметі теңіз арқылы елге өтпек болған 500-ден астам мигрантты ұстады. Гибралтар бұғазында әйелдер мен балалар мінген 12 үрмелі қайық тоқтатылған. Полиция аты-жөндерін анықтау үшін оларды уақытша ұстау орталықтарына жеткізді.
Айта кетсек, Испания Мароккомен және Африканың өзге де мемлекеттерімен заңсыз мигранттарды қайтару туралы өзара келісім жасаған. Демек, ұсталған шетелдіктер арасында осы елдің азаматтары болса, олар дереу елдеріне қайтарылады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.