Венесуэланың солтүстік-шығыс жағалауында  қуаты 7,3 баллдық зілзала болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэланың солтүстік-шығыс жағалауында  қуаты 7,3 баллдық зілзала болды

22.08.2018

Венесуэланың солтүстік-шығыс жағалауында алапат жер сілкінісі болды. Қуаты 7,3 баллдық дүмпу кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Бұл - елде 1900 жылдан бері болған ең қуатты зілзала.

Табиғи апаттан ғимараттар, дүкен сөрелері теңселген. Сонымен қатар, Каракас орталығында салынып жатқан мұнара бетоны жерге құлап, құтқарушылар лезде жолды жауып, көлік қатынасы тоқтады. Дүмпу кезінде үкіметті қолдайтын шеру өтіп жатқан еді. Оған жиналған адамдар акцияны тоқтатып, үйлеріне тараған.

Қуатты жер сілкінісі көршілес Гайана, Тринидад және Тобаго мен Барбадоста да сезілді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу