Мәскеу түбіндегі Кубинкада «Армия-2018» көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу түбіндегі Кубинкада «Армия-2018» көрмесі өтуде

22.08.2018

Мәскеу түбіндегі Кубинкада «Армия-2018» Халықаралық әскери-техникалық форумы өтіп жатыр. Ол тамыздың 26-да аяқталады. Форум аясындағы көрмеде «Калашников» концерні жұртшылық назарына алып роботты ұсынды. Оның есімі - «Игорек». Екі аяқты және тік жүретін механикалық адам инженерлік және әскери тапсырмаларды орындауға арналған.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдегендей, форумға шетелден 100-ден астам делегация жиналды. Олар Ресейдің ғылымы мен өнеркәсібі ел қорғанысы үшін жасаған техникаларды тамашалайды.

Көрмеге мың жарымдай компания әскери өнімнің 26 мыңға жуық данасы қойды. Олардың қатарында танкілер, брондалған машинадар, зениталық-артиллериялық кешендер бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу