Оңтүстік Кореяда бір мезетте 28 мың жұп неке қиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда бір мезетте 28 мың жұп неке қиды

27.08.2018

Оңтүстік Кореяда 4 мыңнан астам жұп жаппай неке қиды. Бұған қоса, үйлену рәсіміне әлемнің 190 елінен 28 мың жұп ғаламтордан тікелей эфир арқылы қатысқан.

Сеулде өткен шараны 30 мыңдай адам тамашалады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл салтанаттың мақсаты - жастарды «қасиетті отбасын» құруға ынталандыру.

«Рейтердің» хабарлауынша, жұбайлардың кейбірі енді ғана табысқан. Олардың арасында тіпті бір-бірінің тілін түсінбейтін жұптар да бар.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу