АҚШ-тың Ресейге жариялаған жаңа санкциялары бүгін күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Ресейге жариялаған жаңа санкциялары бүгін күшіне енді

27.08.2018

Вашингтон бұл экономикалық шектеулерді Ұлыбританияда бұрынғы ресейлік агент Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына байланысты енгізіп отыр. Мәскеу болса, ол оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Құжатқа сәйкес, Ресейге озық технология экспорттауға, қару сатуға және оны Құрама Штаттардың мемлекеттік құрылымдары есебінен несиелендіруге тыйым салынады.

Егер Мәскеу алдағы үш айда химиялық қару қолданбауға кепілдік бермесе, оған тағы да санкция жарияланады. Ресей болса, АҚШ-ты жауапсыз қалдырмайтынын ескертті.

 

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу