Израиль әскері Батыс жағалауда палестиналық шабуылшының ата-анасының үйін бульдозермен сырып тастады. Себебі, ол жасөспірім бір ай бұрын еврейлер қоныстанған ауданда бір израильдікті өлтірген.
Бульдозер Палестинаның Рамалла қаласының солтүстігіндегі Каубер ауылына бүгін кірді. Израиль Жоғарғы сотының мәлімдеуінше, мұндай жазалау тәсілі шабуыл жасағысы келетін палестиналықтарды қорқыту үшін қолданылып отыр.
17 жасар Мұхаммед Тарек Ибрахим Дар Юсуф еврей отбасының үйіне шілденің 26-да басып кіріп, үш адамды пышақпен жараланып, біреуін мерт қылды. Алайда, тірі қалғандардың бірі сол оқиға кезінде палестиналықтың өзіне оқ атып, оны мерт қылған екен.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.