Австралияның шығысын күшті қуаңшылық жайлады. Оның салдарынан Ричард Огилвие есімді фермер әлсіреп қалған 600 бас ірі қарасын атып тастауға мәжбүр болған. Жеуге шөп, ішерге судың болмауынан үй жануарлары әбден жүдеп қалған. Фермердің сөзінше, ол қуаңшылықтан биыл 150 мың долларға жуық шығынға батқан. Бұған қоса, өзі баптап өсірген үй малын өз қолымен қырып тастауға мәжбүр болғаны үшін жаны ауырып, әбден күйзеліске түскен.
Өзге шаруалар да биыл бұрын-соңды болмаған құрғақшылық жайлағанын айтады. Әдетте суға толы дамбалар да әбден құрғап кеткен. Тұрғындар жаңбырға зәру. Ал, метеорологтар жауын-шашынсыз ауа райының әлі де сақталатынын ескертіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.