Парижде қазақ мейрамханасы 4-рет Мишлен гидіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде қазақ мейрамханасы 4-рет Мишлен гидіне енді

04.09.2018

Франциядан сүйінші хабар. Париждегі қазақ мейрамханасы осымен төртінші жыл қатарынан Мишленнің гидіне енді. 118 жылдық тарихы бар қызыл кітапшаға негізінен тағамы дәмді, безендірілуі сәнді, қызметі сапалы деген жаһанның ең үздік мейрамханалары жайлы ақпарат жазылады.

«Chez Mademoiselle» /Ше Мадемуазель/ төртінші жыл сол Мишлен мықтыларының қатарында. Қазақ елін, ұлттық тағамдарын насихаттау мақсатында жерлесіміз  Гаухар жолдасы Лоранмен бірге осыдан 9 жыл бұрын Париж төрінде қазақ мейрамханасын ашқан болатын. Мұнда Гаухар қазақтың еті, қаз ысы мен бауырсағынан бөлек, Орталық Азия елдерінің тағамдарын да дайындайды.

Гаухар Асион, Париждегі қазақ мейрамханасының иесі:

- Біздің ең негізгі мақсатымыз - дәмді әрі сапалы тағам әзірлеу. Қолдан жасалған табиғи тағамдарымызға Мишлен инспекторларының жоғары баға беріп, төртінші мәрте гидке қосқандарына қуаныштымыз. Бірақ, бір рет гидке кірсеңіз, өмір-бақи сол тізімде боласыз деген сөз емес. Сондықтан, мұнымен тоқмейілсіп кетпей, одан сайын еңбектенуіміз қажет. Болашақта мейрамхананы кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашып, Мишленнің жұлдызын алуға талпынғымыз келеді.      

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу