Ливияда Ұлттық мұнай корпорациясына шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты. Жараланғандар да бар. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Соңғы деректер бойынша, оқиға ел астанасы Триполиде болды. Бетперде таққан үш қарулы жанкешті корпорацияның штаб-пәтеріне басып кіріп, бомбаны іске қосқан.
Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде атылған оқтың жаңғырығы естілді. Шабуылға ұшыраған ғимарат президент резиденциясының маңында орналасқан екен. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, полиция оны қоршауға алып, корпорацияға апаратын жолдарды жапты. Әзірге қарулы топ жайлы еш мәлімет түскен жоқ. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.