АҚШ-тың Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарына қуаты күшті «Флоренц» дауылы жақындап қалды. Оның соққысына ұшырайтын аудандарда төтенше жағдай жарияланып, жағалаудан тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр.
Болжамдарға қарағанда, «Флоренц» аймақ үшін соңғы 30 жылдағы ең сұрапыл дауылға айналуы мүмкін. Сондықтан, жарты миллионға жуық тұрғын эвакуацияланады.
Дауылдың күші бес баллдық өлшемнің төртіншісіне көтерілді. Оның жылдамдығы дүйсенбі күні сағатына 195 шақырымға жеткен. Желдің мұндай күшінен ағаштар құлап, құрастырылған үйлер шашылып, тас қабырғалы ғимараттардың есік-терезелері, шатырлары зақымданады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.