АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жариялады. 300 шақырымдық жағалауда тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшіріле бастады.
«Флоренц» - соңғы ондаған жылдардағы ең қуатты дауылға айналатын түрі бар. Одан төнген қауіп жоғарғы 5 баллдың 4-еуіне дейін жетіп, тіпті бұдан да асып кетуі мүмкін. Мұндай дауылдың күші көбінесе ағаштарды құлатуға, үйлердің шатырларын ұшырып, есік-терезелерін сындыруға жетеді.
Қазір жел сағатына 195 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Оның соңы нөсер жауынға ұласуы мүмкін. Билік тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайтынын айтып, азық-түлік пен суды алдын ала алып қоюға кеңес берді. Сондықтан, қазір дүкендерде ұзын-сонар кезек түзіліп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.