Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.
Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Заң жобасы 2014 жылдың 9 айындағы республикалық бюджеттің нақты түсімдері мен шығыстарына негізделген өзгертулерді қамтиды.
Құжаттың таныстырылымын Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жасады.
Нұрбек БЕКБАУ