Бангладеш жүздеген мың рохинджа мұсылманын тұрақты мекен етуге өз еліне кіргізіп алуды жоспарлап отырған жоқ. Себебі, олардың отаны - Мьянма. Бұл туралы мемлекеттің Сыртқы істер министрі Ханойда өткен АСЕАН экономикалық форумында мәлім етті. Сондай-ақ, ол дамыған елдерді рохинджаларға баспана беруге шақырып отыр. Ал, АҚШ агенттіктерінің келтірген деректеріне қарағанда, былтыр тамыз айынан бері 700 мың босқын еліндегі геноцидтен қашып, Бангладешке бас сауғалап келген болатын. Ал, қараша айында бұл елдер екі ай ішінде репатриация жасауға уағдаласқан еді. Дегенмен, бұл шара дұрыс жүргізілмеді. Соңғы келген деректер бойынша Бангладешке рохинджалар әлі күнге дейін келіп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.