Гавайи Аралдарына Лэйн дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавайи Аралдарына Лэйн дауылы соққы берді

13.09.2018

Гавайи аралдарында Лэйн дауылы соққы берген аймақтар әлі су астында. Дүлей дауылдың салдарынан оңалуға толассыз жауған нөсер кедергі келтіріп отыр. Ал, екпінді желдің жылдамдығы сағатына 85 шақырымға жетті. Күн райының қолайсыздығынан ондаған үй әлі су астында. Жергілікті тұрғындар жолдарды су басқандықтан әбден әбігерге түсті. Кейбір қауіп төнген аудандарда мектептер жабылып, кеңселер, дүкендер жұмысын уақытша тоқтатты. Гавайи тұрғындарына апаттық жағдайдың күрт нашарлауы мүмкін екені де ескертілді. 

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу