Мексикада жоғары оқу орындарының мыңдаған студенті наразылық акциясына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада жоғары оқу орындарының мыңдаған студенті наразылық акциясына шықты

14.09.2018

Олар өздері тұратын кампустарда зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуін тоқтатуды талап еткен. Шерушілердің сөзінше, соңғы кездері жатақханаларға тонаушылар баса көктеп кіріп, студенттерге шабуылдап жүр. Ал, сәуірде үш студенттің қышқылда ерітілген денесі табылды. Сонымен бірге, 2014 жылы елдің Герреро штатында 43 студент қылмыстық топтардың қолынан қаза тапқан еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу