Тайфун соққысынан Гонконгті бейберекетсіздік жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайфун соққысынан Гонконгті бейберекетсіздік жайлады

17.09.2018

Филиппин аралдарынан басталған «Мангхут» тайфуны Қытайдың оңтүстігіне күшті соққы беріп, аймақта бейберекетсіздік жайлады. Дүлей дауылдан әсіресе, Гонконг қатты зардап шегіп отыр. Ал, соңғы деректер бойынша,  Гуандун провинциясында 2 адам қаза тапты. Тағы 2,5 миллион тұрғын үйлерін тастап, эвакуацияланып жатыр. Алапат желдің екпінінен кей аудандарда ғимараттардың қабырғалары қирап, көшелерді су шайып, ағаштар құлап, көлік қозғалысы тежелді. Әуе рейстері кейінге шегеріліп, темір жол қатынасы тоқтады.

Метеорологтардың болжамынша, тайфун елдің Гуйчжоу, Чунцин, Юньнань провинцияларына да жақындап қалды.  

Айта кетсек, «Мангхут» дауылынан Филиппин аралдарында мерт болғандардың саны 64-ке жетіп отыр. Зардап шеккендер саны 30-дан асып, тағы 50-ге жуығы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу