Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда саммитке әзірлік жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда саммитке әзірлік жүріп жатыр

17.09.2018

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда үлкен саммитке әзірлік аяқталып келеді. Ертең мұнда осы мемлекеттің лидері Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин биылдыққа үшінші рет кездеседі.

Сол саммит қарсаңында екі жақтың делегациялары «Корио» отелінде жүздесті.

Оңтүстік Корея басшысы Солтүстіктің шекарасына ертең таңертең аяқ басады. Оның  мәлімдеуінше, алдағы келіссөздердің негізгі мақсаты – халықаралық жағдайдың өзгеруіне қарамастан, Корей түбегінде мызғымас әрі жалғаса беретін бейбітшілік орнату. Алайда, Кимнің ядролық қарудан бас тартатынына әлі де толық сенім жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу