Оқиға елдің орталығы мен оңтүстігіндегі 10 штатта болған. Бірнеше күн бойы тоқтамай жауған нөсер жауын соңы алапат тасқынға ұласып отыр. Локойя қаласында екі аптаға созылған дамылсыз жаңбыр кезінде үйлер су астында қалған. Ал, панасыз қалған мыңдаған адам енді қайда барарын білмей отыр. Айта кетсек, бұл қалашық екі өзен тоғысатын жерде орналасқан.
Нигерияда қыркүйектен мамырға дейін жалғасатын жауын-шашын маусымы жыл сайын болады. Жеті жыл бұрын ең алапат тасқыннан елдің 30 штатында 363 адам қаза тауып, 2 миллионнан астамы үйсіз қалды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.