Еуразия Ұлттық университетінің француз тілін еркін меңгерген студенттері енді «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің француз павильонында үш айлық тағылымдамадан өте алады.
Университет пен Францияның Бас комиссариаты арасында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай әріптестік туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.