Полиция құлпынай, банан және алмадан тігу құралы табылуының 100 фактісін тергеп жатыр. Бұл зат Квинслендте құлпынай саудасымен айналысатын фирма өнімдері мен Жаңа Оңтүстік Уэльстегі жемістерден анықталған. Бұл жайттардан ешкім жапа шеккен жоқ. Дегенмен, дау-дамай капиталы 160 миллион долларға жеткен құлпынай өндірісімен айналысатын шаруаларға орасан шығын әкеліп отыр. Өйткені, ине табылғаннан кейін бұл жидектерге деген сұраныс күрт төмендеп кеткен. Ал, осы қастандыққа кімдер және не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Оқиғадан кейін ел үкіметі бұзылған азық-түлік сатқандарды 15 жылға дейін соттау жоспарын жариялап отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.