Пәкістанның бұрынғы үкімет басшысы Наваз Шариф қамаудан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның бұрынғы үкімет басшысы Наваз Шариф қамаудан босатылды

20.09.2018

Түрмеде 10 жылдық жазасын өтеп жатқан экс-премьерді Исламабад соты аппелияциялық шағымды қарастырғаннан кейін бостандыққа жіберген. Наваз Шарифпен бірге оның қызы мен күйеу баласы да түрмеден шығарылды. Әрқайсысы 4 мың доллар көлемінде кепіл ақшаға босатылған. Ал, оларға қатысты істі тергеу жалғаса береді. Айта кетсек, Шариф пен оның отбасы мүшелері Лондондағы жоғары деңгейдегі пәтерлерді сатып алуға қатысты коррупциялық іс бойынша айыпты деп табылған еді. Алайда, экс-премьер өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп мәлімдеді. 2017 жылы премьерліктен кетірілген Наваз Шарифтің партиясы биыл жазда өткен сайлауда жаңа премьер Имран Ханның партиясынан жеңіліс тапты.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу